«КАЗМЯСОПРОДУКТ» ҰКП арнайы сыйлығымен марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысының алты компаниясы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған республикалық конкурсқа, тағы 6 компания-»Қазақстанның үздік тауары» көрме - конкурсына қатысты. Марапатталғандар тізіміне «КАЗМЯСОПРОДУКТ» ЖШС де кірді. Ет комбинаты «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Іскер» арнайы сыйлығын алды.

Астанада жылдың үздік кәсіпорындарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП «Іскер» арнайы сыйлығының және «Ұлы дала елі» шатырлы брендін пайдалану құқығын беру конкурсының ізденушілері көптен күткен мүсіншелер мен дипломдар алды.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа және өз қызметінде табысқа жеткен «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме–конкурсына қатысушылар арасынан кәсіпорындарға «Атамекен» ҰКП «Іскер» арнайы сыйлығын табыс етті.

Марапатталғандар тізімінде СҚО-да шұжық және ет өнімдерін өндірумен айналысатын «КАЗМЯСОПРОДУКТ» ЖШС бар. «Казмясопродукт» компаниясының өнімдері жоғары сапаның арқасында халық арасында үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда кәсіпорын шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттардың 100-ден астам түрін шығарады. Өндіріс қуаттылығы күніне 6 тонна шұжық пен 200 кг жартылай фабрикаттарды құрайды. Өнімді өткізудің негізгі нарығы Солтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласы және Ресейдің шекаралас облыстары болып табылады.